Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының м.а. 2010 жылғы 5 қазандағы № 288 Бұйрығы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереженің 14-тармағының 2) тармақшасына және 19-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 6334 тіркелген, 2010 жылы 11 тамызда № 326-327 (26170) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманың 1-қосымшасында:
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының (1-нысан) «Отбасы мүшелерінің тізімі» 1-бөлімі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының 1-ден 20-ға дейінгі тармақтары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Тіркелімдер және сыныптамалар департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.