Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1093 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 35, 281-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтың 3) тармақшасындағы «қызмет көрсету» деген сөздер «қызметтер» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру», «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру», «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.