«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 770 «Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 қазандағы № 793 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 770 «Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 қазандағы № 793 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 449 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін іске асыру мақсатында БҰЙРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 770 «Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 қарашада № 5886 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жылғы № 1 жарияланған) бұйрығына келесі толықтырулар және өзгерістер енгізілсін:

Осы бұйрықпен бекітілген халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесіне:

3 тармақта «бағдарламалармен» деген сөзден кейін «осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;

4 тармақта «қызметіне» деген сөзден кейін «осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;

11 тармақтың екінші абзацында «қосымшасына» деген сөзден кейін «3» санымен толықтырылсын;

осы бұйрықтың 1, 2 қосымшаларына сәйкес 1, 2 қосымшалармен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің әкімшілік-құқықтық жұмысы департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) мемлекеттік тіркеуінен кейін осы бұйрықтың ресми түрде жариялануын белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.