«Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 770 Бұйрығы (2010.06.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 770 Бұйрығы

(2010.06.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 449 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 21-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. «Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2003 жылдың 17 қыркүйектегі № 688 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 20 қазанда № 2531 болып тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2003 жылғы 22 қарашада № 47 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрінің

2009 жылғы 24 қарашадағы

№ 770 бұйрығымен бекітілген

 

 

Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу

ережесі

 

1. Жалпы талаптар

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.