Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі № 688 бұйрығы (күші жойылды)

Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу
жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі № 688 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 770 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі ереже бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2003 жылғы 17 қыркүйектегі

№ 688 бұйрығымен бекітілген

Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды

ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі ереже

1. Жалпы талаптар

1. Осы Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) меншік нысанына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға арналған.

2. Осы Ережені сақтау үшін жауапты меншік нысанына қарамастан, қызметі халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды жүргізумен байланысты жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

3. Халықтың декреттелген тобы - қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін, айналасындағыларға жұқпалы және паразиттік ауруларды жұқтыру үшін неғұрлым қауіп төндіретін адамдар.

2. Гигиеналық оқытудан өтудің тәртібі

4. Халықтың декреттелген тобының мына өкілдері жұмысқа келген кезде және одан әрі жылына бір рет гигиеналық оқытудан өтеді:

1) азық-түлік сауда объектілерінің;

2) қоғамдық тамақтану объектілерінің, барлық ұйымдардағы тамақ блоктарының;

3) крем-кондитерлік өндірістердің, балалар сүтханаларының;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.