Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін
және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 Қаулысы
(2009.02.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 8 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесі бекітілсін.
2. «Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу және Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қазандағы № 1075 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 505-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.