«Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге
асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы
№ 340 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 361 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 340 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4947 болып тіркелген) Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқына бақылауды жүзеге асыру ережелерінде:
- 5-тармақшада «,» деген тыныс белгісін «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
- мемлекеттік тілдегі 10-тармақтың бірінші абзацы өзгеріссіз қалдырылады;
- мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам жасаған қасақана қылмыстың әрбір фактісі бойынша анықталған кемшіліктерді жою және ішкі істер органдарының жеке профилактикалық жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдай отырып, қызметтік тексеріс жүргізеді»;
- 11-тармақта «инспекторы» деген сөзден кейін «немесе кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (бұдан әрі - учаскелік полиция инспекторы)» деген сөздермен толықтырылсын;