«Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығы (2025.17.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығы

(2025.17.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2025.01.10. № 742 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 169-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ішкі істер министрінің 2025.01.10. № 742 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 340 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4947 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2007 жылғы 2 қарашада № 168(1197) жарияланған);

2) «Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 340 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 361 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6867 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 7 мамырда № 150-151 (26571-26572)) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.