Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу керек
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қазандағы № 1092 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 429-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «көрсету» деген сөз алынып тасталсын;
кіріспе «2-тармағына» деген сөздерден кейін «және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңның 9-1-бабына» деген сөздермен толықтырылсын:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.