«Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 502 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығымен күші жойылды
Салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру мақсатында бұйырамын:
1. «Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5463 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 20 ақпанда № 27 (1450) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.