Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 719 Қаулысымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабы 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі регламенті бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) мемлекеттік қызмет көрсетудің автоматтандырыған нысаны орнатылған, мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілген күнінен бастап бір ай мерзімде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша оның құзыретіне кіретін әрбір электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жеке электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.