ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген
Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және
(немесе) көлік құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған
нысанын пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну
қағидасы
1. Жеке тауарларын сақтау қоймаларына келіп түсетін, сақтауда тұрған және әкетілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының есебі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Сақтауда тұрған тауарларды және (немесе) көлік құралдарын есепке алу кітабын (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) жүргізу, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Автоматтандырылған бақылау және есепке алуды жеке тауарларын сақтау қоймалары иелері келіп түсетін, сақтауда тұрған және әкетілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының есебін жүргізуге және кеден органына ұсыну үшін есеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану жолымен жүзеге асырады.
2. Есепке алу кітабы тауарды шығару туралы соңғы жазба енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде сақталады.
Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Есепке алу кітабының нөмірлеуі бірден басталады. Есепке алу кітабы тігілген, нөмірленген, мөрленген және қызмет аймағында жеке тауарларын сақтау қоймасының иесі орналасқан кеден органы бастығының немесе оны алмастырушы адамның қолымен бекітілген болуға тиіс.
3. Кеден органы жазбаша нысанда кеден органы айқындайтын уақыт кезеңінде келіп түскен, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы есепті ұсынуды талап етуі мүмкін.