«Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1150 Қаулысы (2012.15.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1150 Қаулысы

(2012.15.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды

 

«Есеп жүргізу және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 239 бұйрығын қараңыз

 

ҚР Үкіметінің 2012.15.11. № 1447 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 37, 44, 51, 210, 262-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2012.15.11. № 1447 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы;

2) Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар туралы, соның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы;

3) Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы;

4) Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну қағидалары;

5) Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.