«Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1150 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 1447 Қаулысы (күші жойылды)

«Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1150 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 1447 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1150 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 568-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 37, 44, 51, 210, 262-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақтың 3) тармақшасындағы «бекітілсін.» деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

«4) Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну қағидалары;

5) Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.».

осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 15 қарашадағы

№ 1447 қаулысына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 3 қарашадағы

№ 1150 қаулысымен

бекітілген

 

 

Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.