«Есеп жүргізу және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 239 бұйрығы (күші жойылды)

Есеп жүргізу және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 239 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 367 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 37, 44, 51, 210, 262-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізу және осындай тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің сақталатын (сақтауда тұрған) тауарлардың есебін жүргізу және осындай тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну қағидалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну қағидалары;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып есебін жүргізу және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.