ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 367 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 239 бұйрығына
3-қосымша
Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын арнайы оңайлатуларды
пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін
және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну
қағидалары
1. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну туралы осы қағидалар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес әзірленді және арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік кірістер органы сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есепті (бұдан әрі - есеп) алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғаларға талаптың тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты тоқсан сайын айдың 1-нен кешіктірмей почта жөнелтімімен жолдайды.
3. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалар тауарларды кедендік тазалауды жүзеге асыратын орны бойынша мемлекеттік кірістер органының жазбаша талабы бойынша есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаға 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша Excel форматында қағаз және электронды тасығышта есеп ұсынады.
Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға және бас бухгалтер қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады.
4. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалар мемлекеттік кірістер органының талабында белгіленген мерзімдерде есептілікті дұрыс ұсынуды қамтамасыз етеді.