ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 367 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 239 бұйрығына
4-қосымша
Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын шетелдік тауарларды пайдаланатын
және (немесе) иеленетін тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта
өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну
қағидалары
1. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну туралы осы қағидалар Кедендік одақтың 2010 жылғы 25 маусымдағы Кедендік кодексінің 121-бабына және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес әзірленді және кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын шетелдік тауарларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар қызмет ету аймағында кедендік декларациялау (ресімдеу) жүргізілген мемлекетік кірістер органына, аталған мемлекетік кірістер органының жазбаша талабы бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда Excel форматында қағаз тасығышта және (немесе) және электронды тасығышта есеп ұсынады.
3. Мемлекетік кірістер органы есепті алу үшін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғаларға талапты тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жолдайды.
Талап мемлекетік кірістер органыының ақпараттық жүйелері (Web-портал) арқылы электрондық тәсілмен жолдануы мүмкін.