Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің сақталатын (сақтауда тұрған) тауарлардың есебін жүргізу және осындай тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну қағидасы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 239 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 367 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 31 наурыздағы

№ 239 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің сақталатын (сақтауда тұрған)

тауарлардың есебін жүргізу және осындай тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық

технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну

қағидасы

 

1. Сақталатын (сақтауда тұрған) тауарлардың есебін жүргізу және уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің осындай тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну туралы осы қағида (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 44 және 51-бабына сәйкес дайындалды және уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің сақталатын (сақтауда тұрған) тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

2. Уақытша сақтау қоймаларында, кеден қоймаларында сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлардың есебі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта және Excel форматында электрондық түрде Сақтаудағы тауарларды есепке алу кітабын (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

3. Есепке алу кітабы тауарды шығару туралы соңғы жазба енгізілген күннен бастап бес жыл бойы сақталады.

Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Есепке алу кітабының нөмірленуі бірден басталады. Есепке алу кітабы тігілген, нөмірленген, мөрленген және қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасының иесі орналасқан мемлекеттік кірістер органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның қолымен бекітілген болуға тиіс.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.