Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1150 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 3 қарашадағы

№ 1150 қаулысымен

бекітілген

 

 

ҚР Үкіметінің 2012.15.11. № 1447 Қаулысымен қағидаларымен толықтырылды

Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін
және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну
қағидалары

 

1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес әзірленді және арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

2. Кеден органдары сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есепті (бұдан әрі - есеп) алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғаларға талаптың тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жолдайды.

3. Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалар тіркелген орны бойынша кеден органына кеден органының жазбаша талабы бойынша осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Excel форматында қағаз және электронды тасығышта есеп ұсынады.

Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға және бас бухгалтер қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады.

4. Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалар кеден органының талабында белгіленген мерзімде кеден органына есептілікті ұсынбағаны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.

 

Арнайы оңайлатуларды

пайдаланатын тұлғалардың

сақталатын, тасымалданатын,

өткізілетін, қайта өңделетін және

(немесе) пайдаланылатын

тауарлары туралы, оның ішінде

ақпараттық технологияларды

пайдалана отырып, кеден

органына есептілікті

ұсыну қағидаларына

1-қосымша

 

 

Нысан

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.