ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012.15.11. № 1447 Қаулысымен қағидаларымен толықтырылды
Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына,
оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну
қағидалары
1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 210-бабына сәйкес әзірленді және шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар, қызмет ету аймағында кедендік декларациялау (ресімдеу) жүргізілген кеден органына, аталған кеден органының жазбаша талабы бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда Excel форматында қағаз және электронды тасығышта есеп ұсынады.
3. Кеден органы есепті алу үшін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғаларға талапты тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жолдайды.
4. Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешегінің (болуы) болмауы туралы анықтаманы алу өтінішімен бірге аталған тұлғалар, оның қызмет ету аймағында кедендік декларациялау (ресімдеу) жүргізілген кеден органына қайта ұйымдастырылған немесе таратылған күнгі жағдай бойынша шетелдік тауарлар бойынша есепті ұсынады.
5. Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар, кеден органының талабында белгіленген мерзімде кеден органына есептілікті ұсынбағаны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.
пайдаланатын және (немесе)
иеленетін тұлғалардың
кеден органына, оның ішінде
ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып, есептілікті