Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 304 Бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 110 бұйрығымен күші жойылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 174-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. «Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет Төрағасының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 01-01-31/244 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6346 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.