Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмi туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасы міндетін атқарушысының
2010 жылғы 13 қарашадағы № 341 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 437, 439-баптарына сәйкес, «Бюро ПЛИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғау мерзімін ұзарту туралы, «Лидер - 2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құқық иеленушінің өзгергендігі туралы, сондай-ақ «Diageo Brands B.V.» (Диаджео Брэндс Б.В.) және «Nokia Corporation» (Нокиа Корпорейшн) компанияларының зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғау туралы өтініштерінің негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiне мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
00092/ТЗ-231109 - 00094/ТЗ-231109 тіркеу нөмірлерінің 6-бағанындағы «06.11.2010» деген цифрлар «03.11.2011» деген цифрлармен ауыстырылсын;
00055/ТЗ-260208 тіркеу нөмірінің 4-бағанындағы «Лидер - 2» деген сөздер «Лидер - 2010» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес зияткерлік меншік объектілері қосылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Д.Қ. Төлемісов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Төрағаның міндетін атқарушы | Ө. Бейіспеков |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Кедендік бақылау комитеті төрағасы
міндетін атқарушысының
2010 жылғы 13 қарашадағы
№ 341 бұйрығына қосымша
Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмі