Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге, сондай-ақ бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын
беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы және оның құрамы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2010 жылғы 6 қазандағы № 347 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 243 бұйрығымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 57-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге, сондай-ақ бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы және оның құрамы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар және өнім бөлу туралы келісімдер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді және оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.