«Спорт түрлерінен жарыстардың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2010 жылғы 18 қазандағы № 01-01-07/146 Бұйрығы (күші жойылды)

Спорт түрлерінен жарыстардың ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2010 жылғы 18 қазандағы № 01-01-07/146 Бұйрығы

 

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 23-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлерінен жарыстардың ережесі бекітілсін.

2. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын және мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі Т. Ермегияевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Туризм және спорт министрінің

міндетін атқарушының

2010 жылғы 18 қазандағы

№ 01-01-07/146 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Спорт түрлерінен жарыстардың

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Спорт түрлерінен жарыстардың ережесі (бұдан әрі - Спорт түрлерінің ережесі) Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленген және спорт түрлерінен жарыстардың ережелерін (бұдан әрі - жарыс ережелері) әзірлеу мен бекітудің тәртібіне қойылатын негізгі талаптарды айқындайды.

2. Спорт түрлерінің ережесінде мынадай ұғымдар қолданылады:

1) спорттық жарыс дегеніміз - жарыстың ең үздік қатысушысын анықтау мақсатында әртүрлі спорт түрлерінен спортшылар немесе командалар арасында өткізілетін сайыс;

2) спорттық пән дегеніміз - жарыстар өткізілетін қандай да бір спорт түрінің жеке жаттығуы немесе жекелеген жаттығулар кешені;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.