Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 305 бұйрығы
(2011.11.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 99 бұйрығымен күші жойылды
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 174-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесі бекітілсін.
2. «Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет Төрағасының 2010 жылғы 26 сәуіріндегі № 01-01-31/141 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6260 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы |
Д. Құсдәулетов |
Әділет министрі міндетін атқарушының
2010 жылғы 3 қарашадағы № 305
бұйрығымен бекітілген
Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 167-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 174-бабына сәйкес әзірленді.
2. Жеке сот орындаушыларының бос лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеу (бұдан әрі - конкурс) атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар тұлғалардың қатарынан жүзеге асырылады.
3. Конкурсты уәкілетті орган жанында құрылатын біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) өткізеді.
4. Мыналар жеке сот орындаушысының бос лауазымы деп танылады: