Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінде ұсталатын
адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 бұйрығы
(2010.27.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2005.12.05. № 128 бұйрығымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінің қызметін бұдан әрі жетілдіру қылмыстық-атқару заңнамасын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
1. Түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині қылмыстық-атқару жүйесі Комитетіне, осы Ережелердің іс жүзінде қатаң қолдануы қамтамасыз етілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Бұйрық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске енеді.
| Министр |
|
|
|
| И. Рогов |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Бас прокурорының
орынбасары
2001 жылғы 19 желтоқсан
Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2001 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 154 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды
қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулық
ҚР Әділет министрінің 2005.12.05. № 128 бұйрығымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қадағалауды сотталғандардың жаза өтеуiнiң белгiленген режимiн қамтамасыз ету құралдарының бiрi болып табылады және алдын алу, режимдiк, тәрбие iс-шараларының кешенiн құрайды.
ҚР Әділет министрінің 2005.12.05. № 128 (бұр. ред. қара); 2007.05.12. № 327 (бұр.ред.қара) бұйрықтарымен 2-тармақ өзгертілді