«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қарашадағы № 1146 Қаулысы (күші жойылды)

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қарашадағы № 1146 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 778 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 1 қарашадағы

№ 1146 қаулысымен

бекітілген

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың

2020 жылға дейінгі бағдарламасы

 

1. Бағдарламаның паспорты

 

Бағдарламаның атауы

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

 

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу -

 Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

 

Әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.