«Әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлікпен өту құқығына арналған рұқсатнамалардың түрлері мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 15 қазандағы № 457 бұйрығы (2019.23.07. берілген өзгерістермен)

Әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлікпен өту құқығына арналған рұқсатнамалардың
 түрлері мен нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 15 қазандағы № 457 бұйрығы

(2019.23.07. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 29) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.23.07. № 536 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлікпен өту құқығына арналған мынадай рұқсатнамалар түрлері және нысандары бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес азаматтық авиациясының авиация инспекторының куәлігі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес экипаж мүшесінің куәлігі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес әуежайдың тұрақты рұқсатнамасы;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес әуежайдың уақытша рұқсатнамасы;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес әуежайдың бір жолғы рұқсатнамасы;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес көліктік тұрақты рұқсатнамасы;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес көліктік уақытша рұқсатнамасы;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес көліктік бір жолғы рұқсатнамасы;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес материалдық рұқсатнама.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.