Әкiмшiлiк жолмен қамауға алынған тұлғаларды ұстайтын iшкi iстер
органдарының арнайы қабылдау орындары туралы Ережесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 ж. 23 шілдедегі № 499 бұйрығы
Осы редакция 2010 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Әкiмшiлiк қамауға алынған тұлғалардың iшкi iстер органдары белгiлеген жерлерде қамауда ұсталатындығын айқындайтын Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» кодексiне сәйкес, БҰЙЫРАMЫH:
1. Қоса берiлген әкiмшiлiк жолмен қамауға алынған тұлғаларды ұстайтын iшкi iстер органдарының арнайы қабылдау орындары туралы Ережесi бекітілсiн.
2. Астана, Алматы қалалық IIББ-ның, облыстардың IIББ-IIБ бастықтарына Iшкi iстер органдарының арнайы қабылдау орындарында әкiмшiлiк жолмен қамауға алынған тұлғалар Ережесiн жеке құраммен оқуын ұйымдастырсын және мүлтiксiз орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң «Әкiмшiлiк жолмен қамауға алынған тұлғаларды ұстайтын iшкi iстер органдарының жанындағы арнайы қабылдау орындары туралы Ережесiн және iшкi iстер органдарының арнайы қабылдау орындарында әкiмшiлiк жолмен қамауға алынған тұлғаларды ұстау Тәртібін күшiне енгізу туралы» 1993 жылғы 5 сәуірдегі № 133 бұйрығы күшiн жойды деп есептелсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң вице - Министрi полиция генерал-майоры И.И.Оттоға және Қоғамдық қауiпсiздiк департаментiне (Ғ.А.Алпысбаев) жүктелсiн.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен күшiне енгiзiледi.