Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
«Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы»
2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 29 қазандағы № 161 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 257 Қаулысымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 тіркелген, 2007 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы 25 сәуірде «Заң газеті» газетінде № 62 (1091) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде:
3-тармақта:
бесінші, алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Кредит беру туралы шартқа міндетті түрде қоса берілетін және кредит беру туралы шарттың тараптары қол қоятын кредитті өтеу кестесінде кредит беру туралы шарттың нөмірі мен жасалған күні, кредит сомасы мен валютасы, өтеу күндері және негізгі борышты өтеу, сыйақы сомалары және олардың жиынтық мәні көрсетілген кезекті төлемдердің мөлшерлері, келесі өтеу күніндегі негізгі борыш қалдықтары, сондай-ақ төленуі тиіс кредит пен сыйақының жиынтық сомалары және олардың жиынтық мәні, кредитті өтеу кестесі жасалған күн көрсетіледі.