Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 17 қарашадағы № 388 Бұйрығы
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 441 бұйрығымен күші жойылды
«Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 2-тармағы 3) тармақшаға сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н. К. Әбдібековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.