Талдықорған қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы
Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 158 шешімі
(2010.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2 тармағы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2010.03.02. № 165 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.14.04. № 172 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.17.06. № 183 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2010-2012 жылдарға арналған Талдықорған қалалық бюджеті 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға мынандай көлемдерде бекітілсін:
1) Кірістер - 11596836 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 877015 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 172696 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 80313 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 10466812 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер - 3350534 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері - 3839841 мың теңге;
облыстық бюджеттен субвенциялар - 3276437 мың теңге;
2) шығындар - 11958046 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 2565 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 20000 теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 20000 мың теңге.
5) бюджеттің тапшылығы (профициті) - - 383775 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 383775 мың теңге;
қарыздар түсімі - 256196 мың теңге;
«қарыздарды өтеу» - 114 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 127693 мың теңге.
Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2010.03.02. № 165 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.14.04. № 172 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.17.06. № 183 шешімімен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қалалық бюджетте 2010 жылға дамытуға нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін: