«Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет
сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 274 Бұйрығы
(2007.22.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 20 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (В.А. Сәтқалиева) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі А.Ә. Әріпхановқа жүктелсін.
4. "Тұрғын үй құрылыс жинақтауларына салымдар бойынша сыйлық (мемлекет сыйлығы) төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 439 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2648 нөмірлі болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 17 қаңтарда № 10 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрық ол ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.