Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 Қаулысы
(2010.23.02 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия (бұдан әpi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссияның құрамы;
2) Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.