Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы
Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығы
(2009.29.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 28 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы;
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 440 Бұйрығы (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір жол көлігі комитеті (Н.Т. Байдәулетов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін осы бұйрықты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі Ю.И. Лариненкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.