Қазақстан Республикасында жанама орман пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 26 қарашадағы № 730 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 98-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жанама орман пайдалану ережесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры аумағында жанама орман пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 10 қарашадағы № 238 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3253 тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде, 2005 ж. № 9-13, 36-құжат жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Ж.Ы. Омаров) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.