Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында кәмелетке толмағандарды күтіп бағу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 1 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығымен күші жойылды
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында кәмелетке толмағандарды күтіп бағу ережесін бекіту туралы (бұдан әрі-Ереже) бекітілсін.
2. «Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 708 бұйрығы (№ 3360 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күшi жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін үйлестіруді және оған бақылау жасауды жүзеге асырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.