Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысын дайындау және
өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 125-ө Өкімі
Осы редакция 2011 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Астана қаласында 2011 жылғы 21-22 мамырда Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі басқарушылар кеңесінің 20-ші жыл сайынғы отырысын (бұдан әрі - Жыл сайынғы отырыс) сапалы дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Жыл сайынгы отырысты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
| Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 125-ө өкімімен
бекітілген
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысын дайындау және өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің құрамы
| Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы
| - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі, төраға |
| Айтжанова Жанар Сейдахметқызы
| - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, төрағаның орынбасары |
| Жәмішев Болат Бидахметұлы
| - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары |
| Айсағалиева София Серікбайқызы
| - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Халықаралық қаржы қатынастарын үйлестіру және оның әдіснамасы департаментінің директоры, хатшы
|
| Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы
| - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |