2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 29/331 шешімі
(2011.06.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2011.28.01. № 30/367 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.04. № 31/371 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.07. № 35/403 Шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 36/410 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.27.10. № 38/444 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.12. № 39/449 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2011 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 72 191 886 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 36 092 999 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 2 320 488 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 977 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 33 776 402 мың теңге;
2) шығындар - 71 685 234 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 3 078 560 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 3 772 329 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 693 769 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 1 183 394 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 1 184 659 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 265 мың теңге:
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 3 755 302 мың теңге;