Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол
ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 Бұйрығы
Осы редакция 2010 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 233-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті (Ә.Н. Түсіпбеков) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы |
Ә. Смайылов |
министрінің м.а.
2009 жылғы 6 тамыздағы
№ 331 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күшін жойған кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. «Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 195 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 23 мамырда № 1135 болып тіркелген).