Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 56 Қаулысы
(2013.02.08. берілген толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 Қаулысымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Халықаралық шарттарға сәйкес уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген ақшалай қаражаттың оңтайлы және тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 56 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардын,
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің
тізбесі