Сотталғандарды медициналық куәландыру және оларды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға
ұсынуды ретке келтіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 145 Бұйрығы
Осы редакция 2010 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 97, 168, 169-баптарына сәйкес, сотталғандарды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды реттеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Сотталғандарды медициналық куәландыру және оларды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды ретке келтіру жөніндегі нұсқаулық;
2) Сотталғандарды ауруына байланысты одан әрі жазасын өтеуден босатуға ұсыну үшін негіз болып табылатын аурулар тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.
3. Бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Р. Түсіпбеков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының төрағасы
___________ М. Әлімбеков
2009 жылғы 30 қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
2-дәрежелі мемлекеттік
әділет кеңесшісі
_____________ Қ. Мәми
2009 жылғы «__» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
____________ Ж. Досқалиев
2009 жылғы «__» __________
Әділет министрінің
2009 жылғы 18 қарашадағы
№ 145 бұйрығымен
бекітілген
Сотталғандарды медициналық куәландыру және оларды ауруына байланысты жазасын
өтеуден босатуға ұсынуды ретке келтіру жөніндегі
нұсқаулық