(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 30.12.2008 № 647 БҰЙРЫҒЫ

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 Бұйрығы

(2010.06.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 12 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Тәшенев Б.Х.) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е.Дәленовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр 

Б. Жәмішев

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2008 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 647 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді

сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы

ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы заңының 14-бабының 6) қосымшасына сәйкес әзірленді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.