Диагностика мен емдеу хаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 239 бұйрығы
Осы редакция 2011 жылғы 5 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 53-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Диагностика мен емдеу хаттамаларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е. Біртановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Ж. Досқалиев |
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 7 сәуірдегі
№ 239 бұйрығына 1-қосымша
Диагностика мен емдеу хаттамаларының тізбесі (саны-1708):
1. жүйке жүйесінің аурулары мен бұзылулары;
2. көз аурулары мен бұзылулары;