Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы
(2011.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегi іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мүдделi министрлiктер, ведомстволар, сондай-ақ мемлекеттік органдар (келісiм бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдері:
1) Iс-шаралар жоспарының тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының iске асыру барысы туралы талдамалы ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1061 (бұр.ред.қара); 2007.28.03. № 234 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1061 (бұр.ред.қара); 2007.28.03. № 234 (бұр. ред. қара); 2009.11.09. № 1354 (бұр.ред.қара); 2009.31.12. № 2316 (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 15 (бұр.ред.қара) қаулыларымен жоспар өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 13 қазандағы
№ 1050 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі
iс-шаралар жоспары