«Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 88 қаулысы (күші жойылды)

Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 88 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 Қаулысымен күші жойылды

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 42) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасы бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ағынды суды жер қойнауына көмудің мемлекеттік кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1285 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 42, 403-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1285 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 323 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж.№ 14, 138-құжат),

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық нормативтік актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 8 ақпандағы

№ 88 қаулысымен бекітілген

 

 

Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың

мемлекеттік кадастрын жүргізу

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.