Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 Қаулысы
(2009.30.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 19 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 19 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 8-бабының және 30-бабының 12-тармағына 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 19 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11 № 239 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Банктердің рейтингі «ВВВ-»-дан төмен емес («Standard & Рооr's» және «Fіtсh» рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе «Ваа3» төмен емес («Moody's Investors Service» рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыра алатындықтары белгіленсін.
Банктер мәміле жасай алатын шетел эмитенттерінің облигацияларының рейтингін төмендету кезінде осы тармақта белгіленген деңгейден төмен мәмілелерді жүзеге асыра алады, аталған төмендету пайда болған айдан кейінгі алты күнтізбелік ай ішінде банктер өз қызметін осы тармақтың талаптарына сәйкестендіре жүргізеді.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11 № 239 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)