Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 Қаулысы
(2014.27.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 651 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 46) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкімегі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат кұнын айқындау қағидасы бекітілсін.
2. «Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкімегінін 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 351 қаулысының (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 191-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.