Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 35 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 605 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2004 ж., № 17, 220-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбындағы және 1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы» деген сөздер «Электрондық құжат айналым» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.