Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 222 Қаулысы
(2016.05.11. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы 42-бабының 5-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынын аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылган күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 4 наурыздағы
№ 222 Қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала кұрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) айрықша реттеу мен қала құрылысын регламенттеу объектілері -арнаулы қағидалар (тәртіп) енгізбей, аумақтарды, елді мекеңнің аумағын, жылжымайтын мүліктің жеке объектісін пайдаланудың жалпыға бірдей қабылданғаң қағидаларына (тәртібіне) толықтырулар енгізбей жүзеге асыру қиындаған немесе мүмкін болмайтын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілері;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.